Шымкент денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы "СҚ-Фармацияны" басқарды

Фото: instagram.com/akimat_shymkent
"СҚ-Фармация" ЖШС басшысы ауысты. Бұған дейін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасын басқарған Нұрлыбек Асылбеков келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осыған дейін "СҚ-Фармацияны" Еркен Жақатай басқарған еді.
"СҚ-Фармация" ЖШС – қазақстандықтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін бірыңғай дистрибьютор.
Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек маусым айының басынан бері "СҚ-Фармация" мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі заңбұзушылықтарға назар аударып келе жатқанын жаздық. Ол фармацевтикалық саладағы тексерістерден кейін анықталған фактілер негізінде бірқатар құқық қорғау органдарына арыз түсіру бастамасын көтерді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді