"Сызылып, билейін деп едім": Ақбота Керімбекова сахнада құлап қалды
Танымал мәдениет қайраткері, әнші Ақбота Керімбекова билеймін деп құлап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Өнер иесі "Қамажай" әніне билегісі келген. Алайда аяғы тайып кетіп, құлап түсті.
“Жазира мен Мөлдірдің қасында сызылып билей қояйын деп едім. Осы ғой енді. Сіздерге әзіл үшін түсірілген видео”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің іс-әрекетін қызу талқылап жатыр.
“Иіліп көтерілгенде қазақша киіммен шығы ма деп күтіп отырсам”, “Керемет шығыпты”, “Мына әзіліңіз өтті”, “Аяғыңыз қайырылып қалды-ау”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Ақбота Керімбекова алғаш сахнаға шыққан кезін есіне алған еді.
“Өзіміз де жеңіл жолмен келген жоқпыз. Қанша автордың ізінде жүріп ән іздедік. Күндіз-түні ұйықтамай, 2-3 мың теңгеге тойға шықтық. Соның ақшасын құрап, ән жаздырдық. Өздеріңіз сүйіп тыңдайтын “Аппақ гүлдер” деген әннің аранжировкасын мен қарызға жаздырдым. “Кейін береміз” деп мата сатып алып, содан өзіміз киім тігіп сахнаға шығатынбыз”, – деген болатын әнші.