"Сіз маған енді керек емессіз": Баян Мақсатқызы режиссер Талғат Теменовтен кешірім сұрады
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы кезінде өзін танымал еткен режиссерден кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бағдарламадан скриншот
Ол "Din Dina show" бағдарламасына сұхбат беріп, өнердегі ұстазынан кешірім сұрағысы келетінін жасырмады.
“Мен Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді. Бір сәтте Орал қаласынан шыққан кішкентай Баянды барша Қазақстанға танымал жұлдыз қылған еді. Мен "Махаббат бекеті" фильміне түсіп, бірден танымалдылыққа ие болдым. Кейін арамызда түсініспеушіліктер болды. Ол фильмнің жалғасын түсіргісі келген кезде "Мен киноға енді түспеймін", "Сіз маған енді керек емессіз" деп қатты айтып қойдым. Талғат Теменов менің алғашқы ұстазым әрі көп нәрсені сол кісіден үйрендім. Реті келіп тұрғанда, сол кездегі қатігездігім үшін одан кешірім сұрағым келеді", – деді Баян Алагөзова.
-
"Түсімде аян берді": Баян Мақсатқызы төртінші қызына қойған Алма есімінің құпиясын ашты
-
Блогер Дана Орманбаева Баян Алагөзовамен соттасып, екінші рет жеңіліп қалды
Еске салайық, Баян Алагөзова "Тағдыр бекеті" атты фильм түсіремін деп дауға қалған еді.
“Ол кісіге звондап идеямды айттым. Жалғасын түсірейін дедім. Ол “Проблема жоқ. Мен саған көмектесемін. Бәрі жақсы болады” деді. Мен жұмысты бастап кеттім. Кейін маған хабарласып, “Рұқсат бермеймін. Маған ақша керек. 50 мың доллар” деді. Не болып қалғанын түсінбедім", – деген еді Алагөзова.