«Сиыр-говядина, қой-баранина»: Дәмханада жазылған аударма сөз жұртты күлдірді
Еліміздегі дәмханалардың бірінде жазылған қазақша-орысша сөзі елдің түсінбестігін туғызды.
Дәмхана анықтамасында «Сиыр – говядина, қой – баранина, жылқы – конина, тауық – курица, шұжық – колбаса, сүт өнімдері – молочная продукция» деп жазылған.
Кейбір желі қолданушылары мұның тағамға қатысты болғандықтан осы мағынасы дұрыс екенін айтуда. Енді бірі мұның сауатсыздық екенін айтты.
Ал, негізінде, «сиыр», «қой», «жылқы» сөзі – оры тіліне корова, баран, конь деп аударылады. Сондықтан сиыр еті, қой еті, жылқы еті деп жазылу тиіс. Яғни, мұнда қазақ тіліне дұрыс аударылмаған.
Тағы да оқыңыз:
Қарағанды облысында 5 жыл сексуалды құлдықта болған әйелге қатысты іс тоқтатылды
ІІМ: Оқулықта интимді сурет бар деп жалған ақпарат таратқан адам ұсталды
Қажымұқанның жапон палуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы табылды (видео)
Елімізде «адасқандар» арасында бокстан, күрестен чемпион болған жігіттер жүр