Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сыйлығыңыз бар": Қазақстандықтар алаяқтықтың жаңа түріне алданып жатыр

Қазақстандықтар алаяқтықтың жаңа түріне алданып жатыр

Фото: depositphotos.com

Алаяқтар "Сыйлығыңыз бар" деген желеумен қазақстандықтарды алдап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полицияның хабарлауынша, қылмыскерлер азаматтардың туған күнін біліп алып, "Сізге сыйлық бар, мекен жайыңызды айтыңызшы" деп хабарласады. Осылайша сенімге кіріп, жеке мәліметтерді алуға тырысады.

Әңгіме арасында олар банк картасының деректерін сұрауы мүмкін. Егер азаматтар ақпаратты байқамай беріп қойса, есепшотындағы қаражатынан айырылып қалу қаупі бар.


Оқушыларға хабарласып, мұғалім ретінде таныстырады: Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды


Полиция қазақстандықтарға мына кеңестерді есте сақтауды ескертеді:

- Жеке мәліметтерді ешкімге жария етпеңіз;

- Карта нөмірі, CVV-код және бір реттік құпия кодтарды бөгде адамға бермеңіз;

- "Курьер" не "банк қызметкері" деп қоңырау шалғандарға сенбеңіз, ресми нөмірге өзіңіз хабарласып, ақпаратты тексеріңіз;

- Бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз;

- Күмән туған жағдайда дереу банкке хабарласып, картаңызды бұғаттаңыз.

“Егер абайсызда алаяқтарға алданып қалсаңыз, ең алдымен картаңызды бұғаттап, банкке хабарласыңыз. Кейін полицияға қоңырау шалу қажет”, – дейді полицейлер.

Құқық қорғау органдары бұл ақпаратты туыстарға, әсіресе ата-ана мен ата-әжелерге жеткізуді сұрайды. Өйткені көп жағдайда азаматтар құпия деректерді өздері байқамай айтып қояды.

Еске салсақ, қазақстандықтар көшеде тоқтатып, “құпия қорап” ұсынатын алаяқтардың пайда болғанынын айтып ескерту жасаған. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 01 Қазан, 2025 20:15
Талқылау