"Сыйластық танытпады": Қызылорда облысында өзінен кіші баланы ұрып өлтірген оқушы 6,5 жылға сотталды
Қызылорда облысында 9-сынып оқушысы Ерасыл Төребайды кеуде тұсынан ұрып өлтірген 10-сынып оқушысына қатысты сот отырысы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
Қазір жоғары сыныптың екі оқушысы сотқа тартылды. Оларға Қылмыстық кодекс бойынша “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” және “Бұзақылық” деген айып тағылды.
Шиелі ауданы Қодаманов ауылының 10-сынып оқушылары 9-сынып оқушыларын сыйластық танытпады деген сылтаумен жазаламақ болған. Сотталушылардың бірі тізіліп тұрған өзінен кіші балалардың бетінен ұрған.
“Сотталушы К жәбірленушінің кеуде тұсынан жұдырығымен қатты ұрған. Жәбірленушінің жүрегі рефлекторлы тоқтап, салдарынан ауыр дене жарақатынан мерт болды", – делінген сотта.
Сот шешімімен кәмелетке толмаған қаскөй 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ал бұзақылық жасағаны үшін екі сотталушы да тараптардың татуласуына байланысты жазадан құтылып кетті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысында 15 жастағы жасөспірімді 30 баланың көзінше ұрып өлтірді деген ер адамға қатысты іс тергеліп жатқаны айтылды.