Сиви Махмудиге жұбайы қыз бала дүниеге әкелгені үшін $200 мыңның көлігін сыйлады
Танымал отандық әнші Сиви Махмуди биыл екі ұлдан кейін көптен күткен қыз баланы дүниеге әкелді. Әншіге жұбайы үшінші баласын өмірге әкелгенінің құрметіне $200 мыңның көлігін сыйлады.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Сиви дүниеге келген нәрестесінің есімін Салидат деп қойған. Жұбайы мен нәрестесін перзентханадан шығарған отағасы Сивиге 200 мың доллар тұратын Bentley қымбат көлігін сыйға тартты. Аппақ көлікті отағасы бантпен безендіріп, тура перзентхана алдына әкеліпті.
Әншінің айтуынша, биылғы жыл өзі және шығармашылығы үшін табысты болып, дағдарыстың салқын самалын сезіне қоймапты.
Айта кетсек, әнші Жаңа жылды Біріккен Араб Әмірліктерінде, Дубайда қарсы алған.
Талқылау