Сиви Махмуди жуырда құрған тобын елге көрсетпей жатып таратып жіберді
Келісімшарттағы межелі мерзім мәрәсіне жетпей жатып, Сивиді қол астындағы қыз-жігіттері сан соқтырып кеткені әлі ел есінде. Аузы күйген продюсер, енді жұмыс істеудің жаңа жолын тапқан. Маxмуди бұдан былай Баян Алагөзованың продюсерлік тәсілін қолдануға ниетті…
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Сиви, өзі басқаратын орталықтағы жобаларымен қоштасып, жақында қазақ поп музыкасын насихаттайтын гелзбендті жасақтауды жоспарлаған-ды! Бірақ, ұзақ ойланған продюсер, кью-поп бағытындағы қыздар тобын құрмайтын болыпты.
“Қыздарды бастамай жатып, қорқып тұрмын шыны керек. Бір іштей болады ғой адамда. Еш нәрсе жасалған жоқ, бірақ бірнеш ай дайындалып, фотосессия деген сияқты. Бірақ өзімнің көңілім, аяғым, жүрегім тартпай жатыр. Мен неге өзімді қинап, оны жасауым керек..? Соған қарағанда, бір болмайтын дүние болатын сияқты”, – дейді Сиви.
Сивидің мұндай шешімге келуіне себептер көп! Топ құрамындағы қыздар жұмысқа салғырттық танытса керек.
“Мысалы фотосессияға келіссек, өз уақытында қыздар жиналмайды. Я болмаса фотограф кешігіп қалады. Немесе суреттер сәтсіз шығады. Ән біз ойлағандай шықпайды деген сияқты. Оның бәрін, мен Құдайдың бір белгісі деп ойлаймын”, – дейді Махмуди.
Бикештің бұл қадамы, продюсерлік мансабын тоқтатты деген сөз емес. Жуырда жаңа бойзбендтің жұмысын бастамақ. Бірақ, бұрынғы қателіктерге бой алдырмас үшін, Баян Алагөзованың тәсілін таңдапты.
“Олармен бір үстелде тамақтанбау керек екен. Үйге жолатпау керек екен. Алыстан сыйласу керек. Олардың көзіне тіке қарап күліп сөйлемеу керек екен. Әркім өзінің орынын білу керек екен. Дистанциямен, Баян ханым сияқты”, – дейді Сиви Махмуди.
Сивиді сан соқтырған шәкірттері әлі күнге дейін кешірім сұрамаған. Жобаларынан көңілі қалған продюсер, олармен татуласуға құлықты емес.
“Татуласқан жоқпыз. Сол қалған бойында қала берсін деп ойлаймын”, – дейді Сиви.
Тағы оқыңыз:
Алаяқ қыздар тойда Жазира Байырбекованың даусымен ән салып жүр (видео)
“Т” әрпінен емес: Төреғалидің үшінші қызына қандай есім бергені белгілі болды
Сотталған актер Ерлан Біләл 16,5 миллион теңге айыппұлды төлей алмай жатыр
Голливуд жұлдызындай: Қазақ актрисасы Канн кинофестивалінде әлем халықтарының назарын аударды (фото)