Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви: Әйелдің басты міндеті – ерінің “билігін” мойындау

Сиви Махмұди өзінің отбасында тізгінді кімнің ұстайтынын ашып айтты. Айтуынша, қандай істе болсын, күйеуіне толықтай сенім артады екен.

18251749_1951382695080506_2876185052322988032_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сиви Махмұди Stan.kz порталына берген сұхбатында әлеуметтік желідегі парақшасына өзінің суреттерін көп салмайтынын айтқан болатын. Мұнымен өзіне жарнама жасағысы келмейтінін меңзеген-ді. Бүгінде әнші желідегі достарын сағындырып жүріп салатын суреттерін жазбасымен толықтырып жүр. “Әйел адамның отбасындағы басты міндеті – ерінің “билігін” мойындау. Яғни отбасының тізгінін отағасына беру”, – дейді ол.

Желі қолданушылары әншінің сөзін қоштай түсті. Кей құрбысы керісінше Сивидің отбасында тізгінді ұстағанын айтып қалды. “Сен алтын қызсың”, “Әрдайым осындай сұлу болып қала бер. Раушан гүліндей хош иісті бол”, “Сиви, сіз де қыпшақ екенсіз ғой”, “Сізді сондай жақсы көремін. Сұлуды сұлулығынан айыру мүмкін емес”, “Жарайсың! Меніңше, отбасында барлығын өзің басқарасың” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева шпагатқа қалай отыру керектігін көрсетті (фото)

Беделханның келіншегі өзінің жүкті екенін ерекше жолмен хабарлады

Кенжебек Жанәбілов жалғыз ұлының дерті жайлы айтып, жұртты жылатты

“Бояусыз түрім онша емес” деп жар салған Байырбекова жұрттан ұрыс естіп қалды

Талқылау