Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сырласатын адамым кемде кем": Дана Нұржігіт ұлына арнап жазба жариялады

Танымал журналист, экс-сенатор Дана Нұржігіт ұлының ерекше қасиетін айтып, жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dana_nurzhigit/

Экс-сенатор бала күнін де есіне алып, тылсым дүниелерді басынан кешкенін баяндап берді. 

“Кеше Әлім ұйқысынан ояна салысымен үйді ақтарып, бірдеңе іздеп жүр. Не іздедің десем, күнделігім қайда дейді. “Мам, түс көрдім. Тез жазып алуым керек! Кәдімгі клип көрдім! Ұмытып қаламын әйтпесе, тез!” дейді. Жасөспірім кездегі өзімді көргендей болдым! О, тоба! Дәл осылай шала бүлініп, ойымдағыны жазып үлгеретін бір жапырақ қағаз іздеп кететінім. Түсімде ұшып, неше түрлі акробатикалық жаттығу жасап, жеп-жеңіл болып қалықтап жүретінім есіме түсіп кетті. Қандай тамаша кез! Қиялдың шегі жоқ, кедергі жоқ, шеті жоқ…”, – деп бастады әңгімесін медиа маманы. 



Одан кейін бүгінде ұлынан артық сырлас ешкімі жоқ екенін де айтып, идеяның бәрін баласынан алатынын жасырмады. 

“40 жасқа таяғанда босанғанымда, ертең заман өзгеріп жатқанда балама ілесе алам ба деген алаң бар еді. Қазір менің Әлімнен асқан тілдесетін, сырласатын адамым кемде-кем. Екеуміздің әңгімеміз бітпейді. Тосын идея, түрлі жаңалықты Әлімнің арқасында аңғарып, меңгеруге тырысамын.Әншейін сөйлесіп отырып, шашымнан сипап: “Мам, көзіңіз сондай әдемі! Маған деген махаббатыңызды көремін…” дегенде…”, – деп жазды БАҚ өкілі. 

Айта кетейік, Дана Нұржігіттің экс жұбайы, баласының әкесі Владимир Рерих дүниеден өткенін жазған едік. 

Талқылау