Сирияның экс-президенті Башар Асадтың отбасы Мәскеуде бай-бақуатты өмір сүріп жатыр

2024 жылғы желтоқсанда Башар Асад режимі құлағаннан кейін экс-диктатордың отбасымен бірге Ресейге қашқан Сирияның ондаған жоғары билік өкілдерінің қай жерде жүргенін анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Башар Асадтың жанұясы молшылықта өмір сүріп жатқанын Мәскеудегі отбасы мүшелері, достары мен сириялық бұрынғы шенеуніктер айтқан.
Отбасы алғашында Мәскеудегі “Four Seasons” қонақүйіндегі люкс апартаментке орналасқан. Кейін олар “Москва-сити” іскерлік орталығындағы “Федерация” мұнарасындағы екі қабатты пентхаусқа, одан соң Рублевкадағы зәулім сарайға көшкен.
Болжам бойынша, “Москва-сити” аумағында Асадтың ағасы Махер Асад тұрады. Басына бастыра бас киім алғаны оны бұл жерден байқағандар көп. Маусым айында ол Мәскеудің батысындағы “Афимолл” сауда орталығындағы кальянханада түсірілген видеода байқалды.
- Башар Асад биліктен кетер алдында 500 мың доллардай қолма-қол ақша мен құпия құжаттарды шетел асырған
- Сирияның жаңа билігі Ресейден Башар Асадты қайтаруды және өтемақы төлеуді талап етті – БАҚ
The New York Times басылымының анықтауынша, Башар Асадтың қызы Зейн Асад, жазда Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдап, диплом алған. Қараша айында ол 22 жасқа толып, туған күнін Мәскеу маңындағы қала сыртындағы виллада атап өткен. Ал оның немере қарындасы, Махер Асадтың қызы Шам туған күнін қымбат француз мейрамханасында және Дубайдағы яхтада тойлаған. Екі бойжеткен де қазір Біріккен Араб Әмірлігінде тұрады.
Еске салайық, бұған дейін "Хайят Тахрир аш-Шам" содырлар тобы Сирия президенті Башар Асадтың елден кеткенін және Дамаск астанасын басып алғанын мәлімдеді. Дамасктегі көтерілісшілер мемлекеттік телеарна эфирінде жеңіске жеткендерін жариялады. Сириялық содырлар мемлекеттік телеарна мен Дамаск радиосы арқылы эфирге шығып, президент Башар Асад режимін құлатқандарын және саяси тұтқындарды босатқанын хабарлады.
Содан кейін Сирияда содырлар Башар Асадтың әкесі жатқан зиратты өртеп жіберген еді.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?