Сириядан оралған қазақстандық әйел экстремизмді насихаттағаны үшін сотталды
Жезқазған қалалық соты Сирияда жүріп Қазақстандағыларға бір жыл бойы экстремистік материалдарды жіберген әйелге үкім шығарды. Сотталушы жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Voceabasarabiei.md
Сирияға кеткен Жезқазған тумасы Сәтбаев қаласындағы туысқанына Telegram арқылы радикалды діни мазмұндағы материалдарды жіберген. Сотта ол өз кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Судья прокурор сұраған мерзімді белгіледі.
"Қылмыстық кодекстің 256-бабы "Терроризмді насихаттау" ауыр қылмыс санатына жатады. Бұл бапта мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Сот қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, жаза тағайындады”, – деп мәлімдеді Ұлытау облыстық соты.
Сотталған әйелдің кәмелетке толмаған балалары бар. Олар қорғаншылық органдарына тапсырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн