Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сирияда содырлар Башар Асадтың әкесі жатқан зиратты өртеп жіберді (видео)

Содырлар Хафез Асадтың қабірінде от жаққан. Мавзолейдегі табытты сыртқа шығарып, өртеп жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: AFP агенттігі

Сирияда билікті басып алған содырлар 1971-2000 жылдары Сирия президенті болған және диктатор Башар Асадтың әкесі Хафез Асадтың кесенесін өртеп жіберді. Қабірдің өртенген сәті түсірілген кадрларды AFP агенттігі жариялады.

Суреттерге қарағанда, қарулы содырлар үлкен тас кесенеге Сирияның үш жұлдызды жаңа туын (бұрынғы оппозиция туы) алып кірген. Олар ғимараттың терезелерін сындырған және Хафез Асадтың қабірінде от жаққан. Мавзолейдегі табытты сыртқа шығарып, өртеген.

Айта кетейік, Хафез Асад 1930 жылы Жерорта теңізі жағалауындағы Латакия қаласына жақын орналасқан Кардаха ауылында дүниеге келген. 2000 жылы арнайы салынған кесенеге жерленген. Бұған дейін 1994 жылы автокөлік апатынан қаза тапқан үлкен ұлы Басиль Асад та сол жерде жерленген еді.

Кесенеде Асад әулетінің басқа да мүшелері жерленген. Олардың билігі кезінде Кардахадғы төбеде орналасқан бұл кесене қатаң күзетілген.


  • Әкесінен кейін билікке келіп, Путиннің арқасында қызметте қалды: Башар Асад деген кім

 

Еске салайық, бұған дейін "Хайят Тахрир аш-Шам" содырлар тобы Сирия президенті Башар Асадтың елден кеткенін және Дамаск астанасын басып алғанын мәлімдеді. Дамасктегі көтерілісшілер мемлекеттік телеарна эфирінде жеңіске жеткендерін жариялады. Сириялық содырлар мемлекеттік телеарна мен Дамаск радиосы арқылы эфирге шығып, президент Башар Асад режимін құлатқандарын және саяси тұтқындарды босатқанын хабарлады. 

8 желтоқтанда Асадтың президент қызметінен кеткені және Сириядан шыққаны туралы алғашқы ресми мәлімдемені Ресей Сыртқы істер министрлігі жариялады. Алайда сол кезде Ресейдің сыртқы істер министрлігі Асадтың қай жерде екені туралы ешқандай мәлімет бермеген. Кейінірек ресейлік БАҚ Кремльдегі дереккөздерге сілтеме жасап, Ресей Асадқа және оның жақындарына "гуманитарлық мақсаттарды ескере отырып" баспана бергенін хабарлады.

Талқылау