"Жас көшбасшылар жоқ па?": Сырымбек Тау 13 жылдан бері басшысы ауыспаған “Ақжол” партиясын сынға алды
"Respublica" партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау партиялар арасындағы пікірсайыста “Ақжолдықтарды” састырды. Ол сұрақ-жауап кезеңінде неліктен партия басшысы 13 жылдан бері орнынан түспегенін сұрады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Qazaqstan.tv
7 партия арасындағы алғашқы теледебат “Қазақстан” телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді. 4 кезеңнен тұрған пікірсайыс 70 минутқа созылған. Екінші кезеңде "Respublica" партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау "Ақ жол" демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсембиновке сұрақ қойды. Яғни ол 13 жылдан бері Азат Перуашевтің неліктен орнын босатпай отырғанына тоқталған.
"13 жылдан бері "Ақжолда" басшы неге ауыспаған? Қазақстанда, тіпті Президенттің өкілеттігі 7 жылмен шектелген. Неліктен сіздің партияңызда бір ғана адам лидер болуы керек? Басқа жас және белсенді көшбасшылар шынымен жоқ па?", - деп сұрады.
Берік Дүйсембинов бұл сауалға былай деп жауап берген.
“Біздің партия Қытайда қамалған қазақтарға ең бірінші араша түсті. Мәселе басшының өзгеруінде емес. Соңғы екі жылдың ішінде Азат Перуашов 500 түзету енгізді. Партиядағы адамды ауыстыру керек екен деп, жөнсіз кез-келген адамды алмаймыз ғой. Жалған кәсіпкерлік деген заңға біздің 9 жыл уақытымыз кетті. Біздікі жүйелі жұмыс. Мәжіліске кіргенен кейін нақты істі көресіздер”, - деді ол.
Еске салайық, Stan.kz бұған дейін “Байтақ” партиясының төрағасы Қазақстан Халық партиясының басшысы Ермұхамет Ертісбаевты қазақша білмейді деп сынағанын жазған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"