Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Сырғалым атанды": Димаш Құдайбергеннің әулетінде той болмақ

Фото: Видеодан скриншот

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан сырғалым атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тележүргізуші Анна Данченко жағымды жаңалықты жариялады. 

"Қанат пен Света Айтбаевтардың қызы Раушан “сырғалым” атанды. Құтты болсын!", – деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.



Айта кетейік, өнерлі отбасының қызы ресторан ашып, жеке бизнеспен айналысып жатқанын жазған едік. 

“Идея ортақ болғанымен, басы-қасында өзім жүріп үйреніп кеттім. Барлық ұсақ-түйек шаруасына, ұйымдастыру жұмыстарына өзім араласамын. Әрине, негізгі шешімдер ата-анамнан болады. Бірақ күнделікті өзім бас-көз болып, ұжыммен сөйлесіп, басқарамын. Қазақ мәзірі, қазақ асханасы өте бай. Біз білмейтін мыңдаған тағам түрі бар. Оның бәрін түрлі этнографтар, ғалымдар зерттеген. Ал біздің мәзірде 66-дан астам тағам түрі бар. Жақында 30-ға жуық тағам түрін қосамыз”, – деген еді Раушан. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 28 Сәуір, 2025 10:19
Талқылау