Сирек ауруға шалдыққан ер азамат 41 күн бойы ұйықтаған
Австралия тұрғыны сирек кездесетін неврологиялық ауытқушылыққа ұшырапты. Гиперсомния шалдыққан ол бірнеше күн бойы қатарына ұйықтай беретін көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

21 жастағы Гарри Данн Клейне-Левин синдромына ұшырапты, бұл ауру "ұйқыдағы бикеш" синдромы деп аталады. Осының салдарынан ер жігіт бірнеше күн бойы оянбай ұйықтай береді екен. Кейбір кездері сырқаттанған адамның ұйқысы бірнеше айға дейін созылып кететін көрінеді. Көбіне аталмыш синдромға жасөспірімдер мен жеткіншектер тап болады.
Бір кездері Данн 41 күнге дейін ұйқыға кеткен. Тіпті көп ұйықтайтын ол өзінің 16 және 17 жасқа толған туған күнін, Рождество мен маңызды спорттық ойындардың көрсетілімдерін өткізіп алыпты.
Данның айтуынша, ұзаққа созылған ұйқы кезінде ол айкезбеге айналады екен. Ал оянған кезде өзімнің не жасағанын білмеймін дейді ол.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі