Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыр өңірі 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде өңірдің барлық елді мекендері 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өңір басшысы елді мекендерге сапалы ауыз су жеткізіліп, көпқабатты үйлерге ыстық су қосу мәселесі толық шешімін тапқанын айтады.

"Мемлекет басшысының елді мекендерді түгелдей орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасы 100 пайыз орындалды. Мысалы, Арал қаласынан 120 шақырым жерде, яғни ең шалғай орналасқан Ақбасты ауылына да су жеткізілді.  Мемлекет басшысы 2023 жылы өңірге жұмыс сапары кезінде Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту туралы тапсырма берген болатын. Осылайша қызылордалықтардың арманына айналған көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су қосу мәселесі оң шешімін тапты. Осы мақсатқа 26 миллиард 200 миллион теңге бөлініп, 423 тұрғын үйге жоба әзірленді. Жобалар 2 кезеңмен іске асырылуда. Бірінші кезеңде 2024 жылы 186 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен 11 миллиард теңге қаржы бөлініп, тұрғын үйлер ыстық суға қосылды”, – деді облыс әкім.

Нұрлыбек Нәлібаевтың сөзінше, екінші кезең бойынша 15,2 миллиард теңге қаржыға 237 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтылған.

“Осы бағытта биыл Үкімет резервінен бөлінген 5 миллиард теңгеге 61 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су жеткізілді. Сондай-ақ арнаулы мемлекеттік қордан 10,2 миллиард теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде тұрғын үйлерді ыстық су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

2022-2024 жылдары "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында 31 миллиард 600 миллион теңгеге 78 ауылдың әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 343 жоба жүзеге асты.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 22 Желтоқсан, 2025 12:42