Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер “Мәскеу дауылының” Қазақстанға келе жатқаны туралы мәліметті жоққа шығарды

Синоптиктер Мәскеудегі дауылға себеп болған фронттардың Қазақстан аумағына келетіні туралы Юрий Ильиннің мәлімдемесін жоққа шығарды.

95867_b0

“Төтенше жағдайлар қызметтері халықтың қауіпсіздігін сақтау үшін мемлекеттік және жергілікті органдарды хабардар ету мақсатында жарияланатын дауылды ескертулерді тұрақты түрде алып отырады. Алайда кеше Ильин “Қазгидромет” ақпаратына негізделмеген өзінің жеке болжамдарын айтып, халықтың үрейін туғызды”, — деп мәлімдеді “Қазгидромет” директоры Марина Шмидт.

Мәскеудегі дауыл скандинавиялық циклонның әсерінен болған еді. Табиғи апат салдарынан Мәскеудің 11 тұрғыны, Мәскеу облысының 5 тұрғыны қаза тапты. Дауылдан жапа шеккендердің саны 140 адамға жуықтады.

Тағы да оқыңыз:

Кабулдағы жарылыстан Қазақстан елшілігі қирап калды

Елбасы Қазақстан теңге сарайы шығарған алтын құймаларды алғашқы болып сатып алды

Өмір заңнан парасатты келеді: Бас прокурор Үсенов пен Нидің неліктен түрмеге отырмағанын түсіндірді

Талқылау