Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сингапурда тұңғыш рет әйел адам президент болды

Осыған дейін парламент спикері болып қызмет атқарған Халима Якоб Сингапур президенті болып сайланды.

976ad2162ff885ee2c847c097c9b1e37_crop_l_1_t_8_w_742_h_418

63 жастағы Якоб бұл елдегі президент болып отырған тұңғыш әйел адам. Сонымен қатар, 47 жылдан бері алғаш рет осы орынды иеленген малаи қоғамының өкілі болып саналады.

Экс-спикерден бөлек, сайлауға төрт үміткер қатыспақ болған. Алайда олар малай қоғамының өкілі болмағандықтан, сайлаудан шеттетілген. Қараша айында қабылданған заң бойынша, осы жолғы сайлау кампаниясына тек малайлықтар қатыса алады. Олардан бөлек елде екі қауым бар – қытайлар мен үндістер. Олар да мемлекеттік жоғары қызметтер де отыр.

Басқа екі кандидат тиісті сертификатты ала алмаған. Сонымен қатар, президенттіке үміткер адам капиталы 371 млн доллардан асатын компанияны басқарып көрген болуы тиіс. Бұл ережеге тек Якоб ғана сай келген. Осылайша ол сайлаусыз-ақ ел президенті атанды.

Оқи отырыңыз:

Түркия президентінің әйелі қарапайым қазақ әжейдің қолын сүйіп, құрмет көрсетті

Тәжік университеті жақсы оқитын студенттердің үйлену тойын өткізіп береді

101 жастағы педофил өзі зорлаған әйелге 32 мың доллар төлейтін болды

Қырғызстанда 13 жастағы қызды зорламақ болған 66 жастағы ер адам ұсталды

Талқылау