Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сын-қатерлер, трансформация және ESG-бастамалары": "Казцинк" басшылығы металлургияның болашағы туралы айтты

Жанат Жанботин моноқалаларды дамыту, "жасыл технологияларды" енгізу жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Бірнеше ай бұрын Жанат Жанботин Қазақстанның жетекші кен-металлургия компанияларының бірі "Казцинктің" жаңа басшысы атанды. Сұхбатында жаңа CEO саланың қандай сын-қатерлермен  бетпе-бет келетіні туралы, неліктен компания үшін моноқалаларды дамыту басты басымдық екенін және "Казцинктің" "жасыл технологияларды" қалай дамытуға ниетті екенін айтты. 

Жанат Дүйсенұлы, жалпы ағымдағы жұмыс барысында саланың қандай жаһандық сын-қатерлерін еңсеруге тура келеді? 
Батыс елдерінің Ресей Федерациясына қатысты санкциялық саясатына байланысты біздің салаға бұрын-соңды болмаған қысым түсіп тұр. Көрші мемлекетке салынған шектеулердің әр жаңа пакеті жедел түрде жұмыс қағидаларын өзгертуге мәжбүрлейтін жағдайға тап болдық: жабдық пен материал сатып алудан бастап логистикалық тізбектерге дейін. Осылардың соңғысының зардабы    ауыр – біз жаһандық тұрғыда қайта бағыт тауып, өнімді жеткізудің жаңа бағдарларын  жасауымыз керек. Бұған шикізат сатып алудағы қиындықтарды, біздің металдардың бағасының жоғары құбылмалылығын қосыңыз және компанияға тез өзгеретін сыртқы факторларға нақты уақыт режимінде бейімделуге тура келеді.  Әзірге біз тепе-теңдік сақтап тұрмыз деуге болады,  геосаяси дағдарыс жағдайының өзінде  оң ақша ағынын тоғыстырып отырмыз. 

Компания елішілік құндылықты қалай дамытады? 

Біз кен-металлургия секторындағы әріптестерімізбен белсенді қарым-қатынас жасауға тырысамыз. ERG, KAZMinerals, Қазақмыс, Qarmet – Қазақстан экономикасының жүйе құраушы компаниялары, олардың бірлескен жұмысы – бүкіл сектор мен елдің қаржылық тұрақтылығының дамуы. Қазір бізге бірлескен жобаларда ортақ тіл табыса білу өте маңызды. Осылайша біз өндірісті жергіліктендіру процентін тиімді арттырып, жұмыс орындарының санын көбейте аламыз, өнім желісін кеңейтіп, Индустрия 4.0 аясында дами аламыз. 

ШОБ-ты қолдауда да осындай жағдай, біз әрқашан тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің ұлттық өндірушілерімен жұмыс істеуге барынша ашықпыз. Жыл сайын жергілікті кәсіпорындармен 14 мыңға жуық келісімшартқа қол қойылады.

"Казцинктің" моноқалаларды қолдауына қандай мысалдар келтірер едіңіз? 

Ірі бизнестің моноқалаларды дамытуға қатысуы, ШОБ-ты қолдауы – мемлекетпен бірлесе атқаратын жұмысымыздың күн тәртібіндегі басты тақырып болған және болып қала береді. Біз осы үдеріске барынша ат салысуға тырысамыз. Біз үшін "Казцинктің"  өндірістері шоғырланған Риддер, Алтай, Серебрянск, Жәйрем қалалары ел картасындағы жай нүктелер емес, индустриялық тұрғыдан ғана емес, инфрақұрылымдық, әлеуметтік дамуын да белсенді қолдайтын өте маңызды елді мекендер. 
Жергілікті атқарушы органдармен жасасқан меморандумдар өздерін жақсы  көрсетті. Өткен жылы біз "Арман қала" конкурсын бастадық, соның арқасында қала тұрғындары елді мекендерді жақсартатын бағыттарды енді өздері анықтайды, ал біз атқарушы органдармен бірге осы міндеттерді шешуге қосыламыз.

Бүгінде ESG аббревиатурасы өте танымал. Компания осы қағидаттарды қолдай ма?

Мемлекет басшысы айтқандай, ESG бастамалары елдегі ірі бизнес үшін шындыққа айналуда. Қасым-Жомарт Кемелұлы біздің жуырдағы кездесуімізде де табиғатты қорғау жұмыстарына баса назар аударды. Біз КМК-ні (кен-металлургия кешенін) жасыл деудің қиын екенін түсінеміз, бірақ біздің компания орнықты даму мен экология саласының ең озық қолжетімді технологияларын енгізу қағидаттарына барынша адал. Біз елімізде бірінші болып бейіндік Министрлікпен меморандум жасастық,  жалпы табиғат қорғау жобаларына 100 млрд теңгеден астам қаржы бөлдік. Әдеттегідей әлеуметтік даму саласында да мақтануға тұрарлық нәрселеріміз бар: компания жыл сайын әлеуметтік жобалар мен бастамаларға шамамен 12 млрд теңге бөледі. Биыл Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен өңірлеріне көмекке қосымша 6 млрд теңге бөлдік. ESG тұжырымдамасы бүкіл саланың даму векторын белгілеп береді:  тікелей салық аударымдарынан, жұмыс орындарынан және экономикаға әсер етуден басқа, біз "қосылған құнды" жасауымыз керек екенін түсінеміз, бұл – біздің қызметкерлеріміз сияқты қарапайым қазақстандықтарды, қатардағы азаматтарды қолдау мен дамыту.

 “Казцинктің" қандай өсу нүктелерін көздеп қойдыңыз?

Қазір компания белгілі бір корпоративтік трансформациядан өтуде. Бұл ретте біздің жұмысымыздың түпкілікті мәні өзгермейді: біз бөлімшелеріміз орналасқан өңірлердің өміріне бұрынғыдай тығыз араласамыз,  цифрландыру, өндірісті кеңейту жобаларын белсенді енгізуге тырысамыз. Бізің дамытатын жобаларымыздың қоржыны қомақты. Оларды жүзеге асыратын қаражат болу үшін бізге пайданы шоғырландырып, шығындарды оңтайландыру, нарықтағы жетекші позицияларды сақтау тұрғысынан барынша тиімді болу маңызды. Әлбетте, өз адамдарымен – жоғары санатты мамандарымен – мықты компания болып қала беру, оларсыз  үлкен жетістіктің 28 жылға жуық тарихы болмас еді. Мықты әрі үйлесімді команда  болсақ, кез келген, тіпті асу берместей болып көрінетін,  міндеттерді еңсере аламыз. 

* Серіктестік материал

Талқылау