Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу аясында жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М.Қожабаевты ұстады.
"Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды", – деп атап өтті комитеттің баспасөз қызметі.
"Беларусьтен, тіпті Аргентинадан келеді": Неге Қазақстан өз етімен өзін толық қамтамасыз ете алмай, шетелден ет сатып алады?
2025 жылғы еттің отандық өндірістегі көлемі орасан
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған