Шырын Нарчаева сәукелемен жалаңаш түсіп Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Желіде жалаңаштанып танылған Шырын Нарчаева бұл жолы қазақтың сәукелесін киіп шықты. Сәукеле киіп, жалаңаштанып шыққан қыз жұрттың сынына тағы ілікті.

Шырын бұған дейін қазақтың әшекейін жалаңаш күйінде тағып танымал болып шыға келген еді. Бағдарламаға шығып, елдің сынына түсті. Оған ұрысқан да, сын айтқандардың да қарасы көп. Алайда бюойжеткен одан еш сабақ алмастан, тағы бір видео жариялады.
Желі қолданушылары бұған тоқтау салу керек деп даурықты. Қазақтың әшекейін қойып, сәукелесін мазақ етті деп атады.
“Қазақтың қыздарының арын таптады. Бұған шектеу жоқ па?”,”Осынша лас болармысың? Бұлай танылудың несі мұрат? Ата-анаң, жақындарың қайда қарап отыр?”, “Өз арыңды өзің лайладың, ертең кімнен жақсылық күтпексің?”, – дейді желідегілер.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды