Шымкенттік суретшінің сурет салуына Димаштың таланты әсер еткен
Бұл – шымкенттік әуесқой суретші Дәулетияр Балтабаев. Бұған дейін портрет салып көрмеген.
Портреттің салынуының басты мақсаты да – осы. Димаштың өзіне тарту ету. Бұл туралы жас суретші “Таң нұры” таңғы сазды-ақпараттық бағдарламасында берген сұхбатында мәлімдеді.
Әлем халқын талантымен тәнті еткен Димаш Құдайбергеновтың әнге деген сүйіспеншілігі қалам ұстаған жігіттің портрет салуына септігін тигізген. Енді, бұл суретті әншінің өзіне сыйға тартқысы келеді. Димаш Құдайбергнеовтың Шымқалаға іссапарын күтуде.
Бір суретті салуға небәрі 1-ақ күн жұмсаған Дәулетиярды тележүргізушілер хабар кезінде де сынап көрді. Жарты сағат ішінде тағы бір керемет туындыны жарыққа шығарды.
Тағы да оқыңыз:
Алматыда атышулы теракт жасаған лаңкес Күлекбаев жазасын қалай өтеп жатыр?
Қалыңдықтың басына ішімдік құйып мазақ еткен азамат елдің ашуына тиді (видео)