Шымкенттік шенеуніктер вице-министрдің баяндамасын тыңдамай ұйықтап қалды (фото)
Шымкентте ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетовтың жиналысына жиылған шенеуніктер ұйқыға басты.
Бұл туралы TVK арнасы хабарлайды.
Вице-министр ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап «нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» қолға алынғанын айтып, жұмыссыздық жою мәселелерін атап көрсеткен.
Біржан Бидайбекұлы мемлекеттік жобаның халыққа тигізер пайдасы туралы баяндама жасаған.
Алайда жиналған шенеуніктердің көпшілігі, баяндамаға мән берместен ұйқыға басыпты.
Оқи отырыңыз:
Instagram желісінде «Елбасының бір күні» көрсетілді (видео)
Депутат: Тест сұрақтарында шоу-бизнес өкілі емес, халық қаһармандарының есімі тұруы керек
Сағынтаев Сапарбаевты клондауды ұсынды
Депутат: Қазақстан азаматтығын сұраушылар тарих пен қазақ тілден емтихан тапсыруы тиіс
Талқылау