Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік келін енесінен кек алу үшін өз үйін тонап, полицияға ұрылардан зәбір көргенін айтқан

Бірер күн бұрын Шымкент ІІБ Абай полиция бөліміне Қазығұрт ықшам ауданында тұрғын-үйдің тоналғаны жайында ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полицейлер астаң-кестеңі шығып жатқан үйдің үстінен түсті.

5dcb2d4e7d6f62be41af2abe19ba3ce8

Тәртіп сақшыларын шақыртқан 26 жастағы әйелдің сөзіне қарағанда (өзін сол үйдің келінімін деп таныстырған), ол үйде жалғыз қалғанда бетперде киген үш ер адам үйге басып кіріпті. Әйелді өлтіреміз деп қорқытып, үйден ақша мен енесіне тиесілі алтын бұйымдарды ұрлап кеткен-ді. Ал қылмыскерлер кеткеннен кейін, келін полиция шақыртқан.

«Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған полицейлер қылмыскерлерді іздеуге кіріседі. Алайда аз уақыттан кейін ешқандай да ұрылардың түспегені анықталды. Келін барлығын ойдан құрастырған екен.

9a050fab82eefdb4e550fe710a7cc9a2

«Әйелдің қылмысты ойдан шығарғаны белгілі болды. Ол осылайша ренжісіп қалған енесінен кек алмақ болыпты. Ол ақша мен құнды заттарды жертөлеге жасырып, үйдің астаң-кестеңін өзі шығарған. Бұдан кейін полицияға хабар берген. Қазіргі уақытта оның үстінен «Жалған ақпарат беру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылдың басынан бастап ОҚО облыстық сотына аталған бап бойынша 16 қылмыстық іс қарауға жіберілген. Полицейлер осындай арыздар шынайы қылмыстарды әшкерелеуге кесірін тигізеді деп отыр.

 

Талқылау