Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттен сәлем: Қазақстандық студент футболдан 2018 жылғы әлем кубогында ерікті болмақ

Қазан қаласында дәрігер мамандығы бойынша оқып жүрген Қазақстанның тумасы Маржан Ахмет өз өмірін еріктіліксіз елестете алмайды. Ол болашақ еріктілердің қандай қасиеттерге ие болу керектігін және кандидаттардың математиканы жақсы білулері тиіс екенін айтты.

Шымкенттен сәлем: Қазақстандық студент футболдан 2018 жылғы Әлем кубогының еріктісі болды

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Әлемнің ең басты спорттық іс-шарасына дейін санаулы күн қалды. Аталған іс-шараға ат салысуға шымкенттік 20 жастағы Маржан Ахмет те мүмкіндік алды. Ол Қазандағы жанкүйерлерге көмектесетін болады.

Қазақстандық студент Маржан Ахмет Қазан федералды университетінде «дәрігер» мамандығы бойынша білім алады. Енді студентті Қазан Волонтерлер командасында ерікті болу үшін үлкен тәжірибе күтіп тұр.

«Мен үнемі еріктілердің жұмысына қызығатынмын. Кейін Қазан қаласында матч өтетінін білгенде, бұл шараға міндетті түрде қатысуым керек деп шештім. 2017 жылы Конфедерация кубогы өткізілді. Онда мен «Қазан аренасында» қызметкер ретінде өз міндеттерімді орындадым. Содан көңіл-күй мен ойындарды ұйымдастыру еріктілердің әрекеттеріне байланысты екенін түсіндім. Осыдан бастап, ерікті болуды мақсат еттім»,- дейді Маржан.

Қазақстандық студент қашықтықтағы және толық уақыттық кезеңдердің іріктеуінен сенімді өткен. Олар ерітілердің математиканы және тілді қалай білетінін ғана тексеріп қоймай, сондай-ақ жеке қасиеттерін де сынаған.

«Математиканың бағыттың ерекшелігіне қатысы болғандықтан, оны іріктеу сатысында тексерді. Мысалы, кейбіреулер ұшудың кешігуін ескере отырып, маңызды қонақтардың келу кестесін қадағалайды. Олар қонақтардың қашан және қай уақытта келетінін нақты анықтайтын болады», – деп түсіндірді Маржан Ахмет.

Шымкенттен сәлем: Қазақстандық студент футболдан 2018 жылғы Әлем кубогының еріктісі болды

«2018 жылғы Әлем кубогының еріктісі жігерлі болуы керек. Себебі, ол кезде сен барлық күш-жігерің мен уақытыңды жұмсалады. Сондай-ақ, жауапты, күйзеліске төзімді болып, топпен жұмыс істей білу керек. Мысалы, футболшыдан қолтаңба алу үшін өз позицияңды тастап кете алмайсың»,- дейді ерікті.

Маржан Ахмет үлкен стадиондағы алғашқы футбол матчын өткен жылдың мамыр айында тамашалаған екен.

«Чемпионаттың ауқымды болуынан қорықпаймын, бұл үлкен тәжірибе. Мұнда көптеген достар табуға болады. Менің ойымша, ерікті болуға мүмкіндігі бар кез-келген адам міндетті түрде мүндай шараларға қатысуы керек», – дейді студент.

Шымкенттен сәлем: Қазақстандық студент футболдан 2018 жылғы Әлем кубогының еріктісі болды

Оқи отырыңыз:

Қоқыста тұрады: Астананың қақ ортасындағы саяжай тұрғындары өлекселер мен күл-қоқыстың ортасында күн кешуде

Бітіру кешінде мұғалімдерге не сыйлауға болады: Білім беру басқармасы жауап берді

Ақмола облысында жігітімен ұрсысып қалған бойжеткен бір тәулік бойы орманда адасып жүрген

Ақмола облысында сегізінші сынып оқушысын сабап тастаған экс-әкім жазадан жеңіл құтылуы мүмкін

Талқылау