Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жол бойында қайыр сұрайтындар күніне 3-4 мың теңге табады

Шымкентке көктем келіп, күн жылынғалы көше қиылыстарында автокөлік жүргізушілерінен қайыр сұраушылар көбейген. Тар көшелердегі көлік кептелісіне қарамастан, темір тұлпарлардың жолын бөгейтіндері көп.

Кевин

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жүргізушілер бұл жол қозғалысына кедергі келтіргеннен бөлек, қайыр сұраушының өміріне де қауіпті екенін айтады.

Шымкенттің көше қиылыстарында автокөлік жүргізушілерінен қайыр тілеушілер қайтадан бой көрсете бастады. Өзін Виталий деп таныстырған 45 жастағы шымкенттік тұрғын көше қиылысында қайыр сұрап, күн кешетінін айтады. Әрекетін «зейнетақы алмаймын әрі тұрақты жұмысым жоқ» деп ақтайды. Күнде шығатын болсам, бір адамның айлығын жинауға болады, – дейді.

“Мен де адаммын ғой. Күніге тамақ алуым керек деген сияқты. Күн сайын 3-4 мың теңгедей табамын”, – дейді Виталий есімді тұрғын.

Бұл азаматты ұстап әкетпек болған полицейлер түсірілім тобын көре сала, азаматты жөніне қоя берді. Ұстауға негіз жоқ, қайыр сұрағанын көрген жоқпыз, тек жолға шықпа деп ескерттік дейді.

“Әзірге қайыр сұрағанын көрген жоқпыз. Мына жерде машина қағып кетсе, біз кінәлі боламыз… Бірақ әрекет басқаша болды”, – дейді патрульдік полиция инспекторы.

Қала көшелерінің кейбір қиылыстарында қайыр сұраушылардың тұрақты орынға айналдыруы полицейлер жоққа шығарады. Жыл басынан қайыр сұраумена айналысқан 57 тұлға анықталып, түрлі дәрежеде айыппұлдар салынған көрінеді. Ал көршілес елдерден келген қайыршы әйелдерді жауапқа тартуда қиындықтар бар екен.

“Қиындықтар бар, әрине. Мысалы үшін шетелден келген азаматшалар Олар өздері көшеде жүргенімен қоймай, қолдарында кішкене сәбилері болады. Соларды қабылдау-тарату бөліміне алып барған жағдайда, баласымен бірге орналастыру мүмкін емес”, – дейді Шымкент қалалық жергілікті полиция басқармасы Абай аудандық бөлімі бастығының орынбасары Ерлан Асқаров.

Полиция сонымен қатар тұрақты рейдтік іс-шаралар басырысында да мұндай азаматтар назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматылық зейнеткер немересін нағашы атасы мен жездесі қорлап келгенін айтып ашынды

Жүрегі оң жағында орналасқан қазақ қызы сөздерді керісінше оқиды

Шымкентте туып Американы бағындырған қазақ жігіті туған жеріне келді

Талқылау