Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте тұрғын үйде газ жарылып, анасы мен баласы күйіп қалды

Шымкентте  тұрғын үйде газ жарылып, анасы мен баласы күйіп қалды. Келеңсіз жағдай қала іргесіндегі Тассай елді мекенінде болған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Шымкент филиалының баспасөз қызметі мәліметінше, 30 жастағы келіншек пен 6 жасар баланың денесін қатты күйік шалып, екеуі де ауруханаға түскен.

Болжам бойынша, газ жер асты құбырларынан шыққан. Газ шаруашылығы мамандарының сөзінше, жарылыс болған үйдің көршісі ешкімге ескертпестен құбырларды кесіп, өзіне қарай тартып алған. Әрі оларды полиэтилен кленкаларынмен орап тастапты. Салдарынан құбырлар кесілген жерге газ жиналып,  жарылыс болған. Кейіннен белгілі болғандай, жергілікті тұрғын бұл әрекетін өзім білермендікпен, ешкімге ескертпестен жасаған. Құбырларды кесу барысында да ешқандай сақтық шаралары сақталмаған.

Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша тиісті тексерулер тағайындалып, тергеу шаралары жүргізілуде.

Тағы оқыңыз:
Қарағандылық жігіт Беларусьте жыл футболшысы атанды

Екі жолаушы Астанадағы көлік кептелісін ретке келтірді

Бүкіләлемдік банктің мәжіліс залына қазақ қызының есімі берілді

Ресей соғыс кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің туыстарын іздестіріп жатыр

Талқылау