Шымкентте төрт жастағы қыз қалалық каналға батып кетті
Павлов көшесінде орналасқан су каналына түскен бала, суға батып кеткен.
Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.
Қайғылы оқиға кешкі сағат 20.00 кезінде болыпты. Арыққа құлап кеткен қызды әуелі анасы мен көршілері өз бетінше таппақ болған. Кейін барып құтқарушыларды шақырыпты. Іздеу жұмыстары екі сағатқа созылды.
Баланы оқиға болған жерден екі үй кейін орналасқан аумақтан тапты. Олар дереу “жедел жәрдем” шақырған. Алайда қызға көмек көрсетіп үлгеру мүмкін болмады.
Куәгер Татьяна Якушеваның айтуынша, су толы арық біраз уақыттан бері көше тұрғындарының бас ауруына айналыпты.
“Ол жерде қоршау жоқ, сондықтан балалар оңай түсіп кетеді. Онда бұрын адам да, көлік те түсіп кеткен, енді мынадай жағдай болып отыр”, – дейді ол.
Талқылау