Шымкентте Тоқтар Төлешовтің отбасынан алынған коттедждерден мектеп ашады
Тоқтар Төлешевтің 8 жер учаскесі мен 4 коттеджі сот шешімімен Шымкент әкімдігінің меншігіне өтті.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Астана арнасы.
Әйгерім Жұмағұлованың берген ақпарына сүйенсек, «сыра королі» атанып кеткен Төлешовтің меншігінде болған «Фосфоршылар сарайының» тағдыры да шешілетін күн алыс емес. Мәдениет үйіне қатысты сот ісі жүріп жатыр. Ал 8 бірдей жер теліміне келешекте көпқабатты тұрғын үйлер тұрғызылатын болады.
Экс-кәсіпкердің коттедждерінің бірі сүріледі. Төлешовке тиесілі болған төрт зәулім үйдің екеуі білім бөліміне бұйырып отыр. Шенеуніктер оның ғимаратында өнер ордасын ашпақ ниетте.
“Коттедждердің біреуін әлі оның отбасы босатпады. Оған босату жөнінде сотқа қағаздар өткізілді. Қалған екі коттедж қала әкімдігінің білім бөліміне берілді. Онда мәдениет үйі ашылатын болады. Ал бір коттедж қиратылатын болады”, – дейді Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Жұмағұлова.
Тағы да оқыңыз:
Тоқтар Төлешовтің автокөліктері өз бағасынан 2 есе арзанға сатылмақ
Тоқтар Төлешовтың 4 әйелі мен 21 баласы далада қалды
Қазақстандық қызға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұшақ бортында ұсыныс жасады (видео)