Шымкентте тоғыз жасар бала пойыз астына түсіп аяғынан айырылды
Шымкентте тауар тасымалдайтын пойыздың соңғы вагонына ілініп қалған тоғыз жасар баланың аяғын отарба дөңгелегі таптап кетті. Оқиға 16 қыркүйек күні Тоғыс елдімекеніне таяу тұстағы теміржол бекетінде орын алған.
“Қазір баланың жағдайы орта деңгейдегі ауыр деп бағаланып отыр. Бірер күн бұрын ол травматология бөліміне ауыстырылды”, – деп хабарлады қалалық аурухана.
Қазіргі кезде Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы “Теміржол транспортында қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы” бабы негізінде қылмыстық іс қозғады. Белгілі болғандай баланың әкесі бұрынғы теміржолшы екен. Олардың отбасы теміржолға жақын жерде тұрған. Абайсыздық үшін баланың ата-анасына айыппұл салынуы мүмкін.
Ауыр жарақаттан баланың аяғы кесілген. Қазір қажетті емдеу шаралары көрсетілуде.
Оқи отырыңыз:
Алматыда троллейбус студент қызды қағып кетті (фото)
Қостанайда қайнап тұрған суға күйіп қалған 10 айлық сәби шетінеп кетті
Талқылау