Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте олигархтың ұлы жоғалып кетті

Шымкентте Халықты жұмыспен қамту орталығының бұрынғы директоры Асылжан Жамалбековке іздеу жарияланды, деп жазады Время.

31 жастағы мемлекеттік қызметкер 430 млн теңгені жымқырды деп айыпталуда.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер департаменті комитетінің басшысы Арман Есенбаев қылмыстық топ туралы айтқан болатын. Ол топ құрамына мемлекеттік қызметкерлер мен полицейлер кіргенін де жеткізді.

Мәліметтерге сәйкес, 2015 жыл мен 2017 жыл аралығында Жамалбековтың иелігіндегі топ мемлекеттен бөлінген қаржыны жымқырған. Шығын көлемі 437 млн 385 мың теңге.

Асылжан Жамалбеков қараша айында жоғалып кетті. Ол соңғы рет желідегі парақшасына «Өмірің үшін ақша табам деп өмір сүруді ұмытып кетпеңдер» деп жазған.

Айта кетейік, Асылжан Жамалбеков ауқатты отбасынан шыққан. Ағасы Нұржан Жамалбеков прокуратурада, құқық қорғау органында қызмет еткен.

Тағы да оқыңыз:

Несиесін қайтара алмай жүргендер нені білуі керек

Алматы облысында балаларының өлі не тірі екенін білмеген аналар зар жылады

Ақтөбенің оңалту орталығында көрпе тысы мен перделерге дейін жеп қоятын науқас балалар бар

 

Талқылау