Шымкентте құрдастарын аяусыз сабап тастаған жасөспірімдер жазадан құтылып кетті
Шымкентте құрдастарын кастетпен ұрған жасөспірімдер айыпталып жатыр. Зардап шегуші жарты жылдан бері аурухана төсегіне таңылып жатыр. Ал бүгін оны ұрғандар сот залынан босатылды. Бұл туралы КТК хабарлайды.
“Бұл әділ шешім бе? Оларды үйлеріне жібере салды. Ұлым болса үнемі басының ауыратынын айтады. Оны тағы бір операция күтіп тұр. Мен оны енді қалай емдетемін. Ал айыпталушылардың туыстары болса маған қарап мысқылдайды. Әрине мен қайта шағым түсіремін”, – дейді зардап шегушінің анасы Жанар Кендірбаева.
15 жастағы Бағдәулеттің сынған мұрынына тағы бір ота жасалуы тиіс. Желтоқсан айында Бағдәулет өзінің құрдастары тиіскен кішкентай балаға араша түскен. Құрдастары оны кастетпен, аяқпен аяусыз сабағаннан кейін бас сүйегі сынып, бас миы жарақаттанған. Ал айыпталушылар болса кінәларын мойындамай, кешірім де сұрамады.
“Бес кәмелетке толмаған бала “бұзақылық” бабы бойынша айыпты деп танылды. Олардың біріне “денсаулыққа әдейі зиян келтіргені үшін” айыбы тағылып отыр. Барлық айыпталушылар 2 жылға бас бостандығынан айырылғанымен, амнистия аясында жазадан босатылды”, – деді судья Гүлнұр Саттарова.
Оқи отырыңыз:
Қызылордада қатты ыстықтан бағдаршам еріп кетті
Жол апатында екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева ауруханада түскен суретін жариялады
Ақтауда 1 тоннадан астам бекіре жасырылған заңсыз қойма анықталды
Маңғыстау облысында әскерден қашқан сарбаз іздестіріліп жатыр