Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жалғызбасты ана балаларын асырау үшін қайыр сұрауға мәжбүр

Шымкентте көпбалалы ана балаларын асырау үшін қайыр сұрауға мәжбүр. Күйеуімен ажырасып кеткен әйел кез келген жұмысты істеуге дайын, алайда жұмыс жоқта ол қала тұрғындарынан көмек сұрайды.

Бұл туралы TVK арнасы хабарлады.

Балзия Маусарова жуырда ғана жеке фирмаға еден жуушы болып орналасқан. Ол жақтан алатын жалақысы мардымсыз, балаларды асырауға жетпейді. Әйелдің айлығы 15 мың теңге болса, пәтерақысының өзі 25 мың теңгені құрайды. Оның үстіне, отбасы жалдап тұратын пәтер жылусыз, едендері дымқыл.

“Азық-түлікке ақша жетпейді, сондықтан жұмыс істеуге тырысамын. Тазалаушы болып істеген жұмысым үшін алатыным 15 мың теңге, жетпейді. Маған ешкім көмектеспейді, балаларды жалғыз тәрбиелеп жатырмын”, – дейді Балзия.

Қалтада көк тиын қалмаған кезде Балзия көшеге шығып, қайыр сұрайды. Балаларым үшін бәріне де дайынмын, дейді ол. Үйдің үлкені 12 жаста, ал ең кенжесі небәрі сегіз айлық. Үйдің үлкендері мектептен кейін ұсақ-түйек заттар сатып, аналарына көмектеседі. Ал кішілері анасына жұбаныш.

Әйел балалары бір жасқа толғанға дейін жәрдемақы алып отырғанын айтады. Әкелерінен де еш көмек жоқ. Қазір Балзия коммуналдық төлемдерді төлеу үшін ақша іздеп жатыр.

“Шотты алып келді, енді төлеуім керек. Азық-түлікке де бару қажет, үйде ішерге ас жоқ”, – деп жылады әйел.

Балзияға көмектесем деушілер болса, оның телефон нөмірін TVK арнасынан, +7 7252 56-16-32 нөмірі арқылы ала алады.

Жіберіп алмаңыз:

Көкшетауда құмырсқаға таланып көмек сұраған халықты әкімі салақ деп айыптады

Назарбаев алматылық бүлдіршіннің тілегін орындады (фото)

34 химиотерапиядан соң: 8 жасар бүлдіршін обыр дертін жеңіп шықты (фото)

2018 жылдан бастап көп балалылар мен аз қамтылған отбасылардың бәрі бірдей жәрдемақы ала алмайды

Талқылау