Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қолында сәбиі бар әйел із-түссіз жоғалып кетті

Шымкентте қолында сәбиі бар бар әйел адам 21 қаңтар күні таңертең шығып кеткеннен қайта оралмаған.

b0d6c1c6cf5e3f3d5bf6457d45f8ec07

Бұл туралы “Отырар” хабарлайды.

Хуршида Бону есімді қыз “Қарасу” ықшамауданындағы №59 үйден алты айлық ұлы Марселмен бірге шығып кеткен. Туыстарының айтуынша, ол “Рахат” дүкені ауданында орналасқан медициналық орталыққа сараптама қорытындысын алуға шыққан. Одан кейін жас ананы ешкім көрмеген. Телефоны өшірулі қыз құрбыларымен де байланысқа шықпапты. Белгілі болғандай оның Шымкентте туғандары да жоқ екен. Анасы Самарада тұрады.

833a6efd98c195bcb5bf718ad5deed77

Ол үйден шыққан кезде көңіл-күйі жақсы болған. Отбасында ешқандай ұрыс-керіс орын алмапты.

d0561856639cfe2b13f42668631a0650

Полицияға арызданған күйеуі Руслан Абдюшев, қарапайым халықтан да көмек сұрап отыр. Әлеуметтік желілерде “егер сіз қолында баласы бар қызды көрсеңіз. онда +7 701 875 87 87 нөміріне хабарласыңыз” деген хабарлама жариялануда.

Оқи отырыңыз:

Онсыз да сабағы көп оқушыларға тағы бір жаңа пән қосылмақ

Сатушы менеджер дәретханаға барған клиент қызды жасырын бейнетаспаға түсіріп алған

Мұғалім қазақстандық мектептерді тозаққа теңеп, ондағы былықтарды ашық баяндады

Ер адам туған бауырының жасаған қылмысы үшін 10 жыл бойы түрмеде отырған

Талқылау