Шымкентте белгісіз біреулер кәсіпкердің отбасын өлтіріп кеткен
Шымкент қаласы Тассай елді-мекенінде белгісіз біреулер жергілікті кәсіпкердің отбасын өлтіріп кеткен.
Бұл туралы «Otyrar» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оқиға 16 наурыз күні орын алған. Белгісіз біреулер жергілікті кәсіпкердің отбасын өлтіріп кеткен. Анасы мен әйелін өлтіріп кеткендердің қолынан қашып құтылған студент қызы полицейлерге хабар берген.
Белгілі болғандай, кәсіпкердің фермасы мен бірнеше асханасы бар екен. Белгісіз адамдар үйіне басып кіріп, кәсіпкердің әйелі мен енесін мерт қылыпты. Ал ер адам туралы әзірге ештеңе белгісіз.
Құқық қорғау органдары қызметкерлері қандықол қылмыскерлерді іздестіруде. Оқиға орнында қылмысты ашу мақсатында барлық қажетті процедураларды жүргізіп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Грузияда туристер мінген арқан жол істен шығып бірнеше адам жарақат алды (видео)
Ақтөбеде бесінші сынып оқушысы жолдасының аяғына пышық сұғып алды
Алматыда мас күйінде көлік басқарған жүргізушінің кесірінен жол апаты болды
Қызылордада жеңіл көлік газ құю бекетіне соғылды: Бір адам қаза болды