Шымкентте 5 жасар қызды зорлаған педофил қамалды
Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты 5 жасар қызды зорлады деп күдікке ілінген азаматты екі айға уақытша тергеу абақтысына жапты.
Басында осы мәселеде бұл азаматқа қатысты “баланы азғыру” бабы бойынша іс қозғалған болатын. Жәбірленуші сот-медициналық сараптамадан екінші мәрте өткеннен кейін, зорланғаны анықталып істі қарау бабы ауысқан. Яғни 120 бап (бүлдіршінді зорлау).
Педофил сәбидің жыныс мүшесіне зақым келтірген. Ол арам ойын жүзеге асырып жатқан тұста қыздың ағасы келіп, болған жайтты өз көзімен көрген.
Күдікті Ордабасы ауданының тұрғыны, 1982 жылы туған. Үйленген, балалары бар. Ол ішімдікке тойып, кешкі сағат сегіздер шамасында әткеншекте отырған қызды көтеріп алып кеткен. Мұны көрген өзге балалар үлкендерді шақырған.
Бұған дейін Шымкентте 5 жасар қыздың зорланғаны расталды деп жазған болатынбыз.
Талқылау