Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 16 жастағы жігіт күйеуі ұрған әйелге араша түсемін деп ажал құша жаздады

Шымкентте күйеуі ұрған әйелге араша түспек болған 16 жастағы жігіт өлім ауызынан қалды. Ашуға мінген бұзақы жасөспірімге пышақ ала ұмтылған.

4cb0c208498e8ff6d0cdb1f240f894ff

Бұл туралы “Экспресс К” хабарлайды.

Кешкі сағат 10 кезінде үйіне қайтып келе жатқан жасөспірім Достық пен Мичурин көшелерінің қиылысында жанжалдасып жатқан ерлі-зайыптыларды көреді. Олардың қасынан өте берген сәтте күйеуі әйелін ұрып жатады. Бұл көрініске шыдап тұра алмаған ер бала әйелге араша түскен.

Ал бұған ашуланған күйеуі жасөспірімге пышақ ала ұмтылады. Жасөспірімнің кеуде тұсынан пышақ салған ер адам оқиға орынынан қашып кеткен.

16 жастағы жігіт облыстық клиникалық ауруханаға түскеннен кейін барып полиция оқиғадан хабардар болған. Бұзақы да сол күні ұсталады. Ол Сайрам ауданының 32 жастағы тұрғыны екен. Қаратау аудандық полициясы “денсаулыққа әдейі зиян келтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Оқи отырыңыз:

Көкшетауда әлем чемпионын өлтіргендер сотталды

ЭКСПО-дағы Қазақстан павильонынан күдікті қорап табылды

Маңғыстау облысында өртенген көлік түгі қалмай жанып кетті

Алматыда газ балоны жарылып, көліктің түгі қалмай жанып кетті

Талқылау