Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте үйі өртеніп кеткен 83 жастағы қарт көшеде түнеп жүр

Шымкентте 83 жастағы Рахима апаның үйі өртеніп кетті. Енді жалғызбасты әйел далада түнеуге мәжбүр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

20170701183241

Рахима апайдың ұлы мен қызы өмірден озып кеткен. Соңғы бес жылдан бері ол жалғыздың күйін кешіп келеді. Енді мына өрт онсыз да қабырғасы қайысқан қария ананы әбігерге салды.

Оқыс оқиға осыдан он күн бұрын Рахима апа туысының жаназасына кеткен кезде болған. Өрт жатын бөлмесіндегі электр шамынан шыққан. Қарт ана үйіне оралған кезде шыға беріс есіктің маңы отқа оранған екен. Жалғызбасты ананың жан айқайын бірінші болып естіген көршілері оған көмек қолын созып, өртті сөндірмекші болыпты. Алайда одан еш нәтиже шықпаған.

18252491_1199384990187554_1103558642315034624_n

Азын-аулақ дүние-мүлкінен айырылып қалған қарт анаға көршілері ас-суын ұсынып, үйлеріне қондырып, қарайласқан көрінеді. Алайда олар Рахима апаға уақытша ғана көмек көрсете алатындарын айтады. Ал оларға масыл болмау үшін Рахима апа екі күннен бері далада түнеп жүр.

20170701183220

Көшеде түнеп жүрген Рахима апаның көрпе-төсегі де, ыдыс-аяғы да жарамсыз болып қалған. Жаны жабырқаған қария қанша қиналса да, Жаратқанның сынағына көндігуден басқа амалым жоқ дейді. Қажыған қарт қамқорлық жасап, сауапқа кенелгісі келетін азаматтар болса деп іштей армандайды.

201707011832292017070118323420170701183309

Жіберіп алмаңыз:

Атырауда былапыт сөздермен атышулы видео түсірген колледж түлектері қамауға алынды

Қазақстандағы қыз алып қашу: сізді ойландырып тастайтын үш оқиға

Мақсат Үсеновтің “сүйіктісі” Қазнетті жарған суретке қатысты пікір білдірді (фото)

ҚазҰУ түлегі диплом алу сәтінде сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)

Талқылау