Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік полицейлер жоғалып кеткен 12 жасар баланы 4 ай бойы іздемеген

Шымкентте 12 жасар бала мамыр айында үйінен кетіп қалып, сол күйі қайтып оралмаған. Ал полицейлері оны 4 ай бойы іздестірмеген екен. Баланың туыстарының сөзінше, тәртіп сақшылары олардың шағымын қабылдамаған. Ал енді оның әкесін тұтқындапты.

Шымкентік полицейлер жоғалып кеткен 12 жасар баланы 4 ай бойы іздемеген

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Біз полицияға үш рет арыз жаздық. Үшінші ретте шыдамай, жариялауды жөн көрдік. Полицейлер істі қабылдамады және қараған жоқ», – дейді із-түзсіз жоғалып кеткен Руслан Нортураевтың туысы Елена Тихнова.

Руслан биылғы жылдың мамыр айында жоғалып кеткен. Әкесі тек 22 шілдеде ғана полицияға шағым түсіріпті. Алайда полицейлер шағымды тіркемеген.

Ендігі баланың туыстары 7 қарашада ғана еріктілердің көмегіне жүгініп отыр.

«Арада 4 ай өтіп кеткеннен кейін іздеуді неден бастарымызды білмей отырмыз. Оның суретін жапсырудың да айтарлықтай нәтижесі бола қоймайды», – дейді RINA.KZ еріктілер қозғалысының ұйымдастырушысы Наталья Дон.

Белгілісі, Русланның ата-анасы ажырасқан. Анасы науқас, ал әкесі бұрын сотталған екен. Бала әкесімен және онымен бірге тұрған әйелмен бір шатыр астында тұрыпты.

Ал мұғалімдерінің сөзінше, Русланның отбасындағы жағдайға қарамастан, ол жақсы оқыған.

«Тыныш жүретін бала болатын. Өте жақсы оқиды. Логикалық ойлауы да жақсы. Сыныптағы барлық оқушымен дос. Жаман ештеңе айта алмаймын. Сабақтан қалған да емес», – дейді В.Терешкова атындағы №31 мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Гүлмира Ағымбаева.

Ал полициядағылар баланы іздестіру шаралары қабылданбағанына қатысты ішкі тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты. Полицелер бірер күн бұрын баланың әкесін ұстап әкеткен екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау