Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғыны жүкті әйелін оңдырмай ұрып, құрсағындағы сәбиін өлтіріп тастады

Қатыгез болып бара жатқан адам ба, заман ба? Күйеуінен қорлық көрген әйелдер, зорлық көрген балалар жайында жиі еститін болдық. Бұл жолы Шымкентте әйелін оңбай ұрып-соққан азамат,  жүкті ананың іштегі сәбиін де өлтіріп қойған.

Бір ай жансақтау бөлімінде жатқан Салтанат Молдыбаева есін әзер жиды. Енді ол өмір бақи бала көтере алмайды. Отбасылық зорлықтан әбден қорқып қалған 33 жастағы ана бостандықта жүрген күйеуі өзін әлі де қорқытып отырғанын айтады, деп хабарлайды 31 арна.

Айы-күні жетіп, босанғалы жатқан Салтанат Молдыбаева күйеуінен бұған дейін де бірнеше рет таяқ жегенін айтады. «Жаныма ерекше батқаны іштегі баламды өлтіргені» – дейді. Қатты соққыдан қос бүйрегі зақымданып, жасанды аппаратқа жатқызылыпты. Сорақысы сол, күйеуімен арадағы екі жылғы некеде «ақ қар көк мұзда далаға түнеген кездерім де болды» – деп отыр.

“Талай сарайда қондым, сиырдың қасында, талай машинаның ішінде қондым мен. Не көрсетпеді маған осы уақытқа дейін, денсаулығымнан айрылдым. Маткамды алып тастады, екі бүйрек отказ жасады. Ал босанатын ай-күнім жақындағанда ұрып тастады. Енді менің болашағым не болады ары қарай”, – дейді жәбірленуші Сатанат Молдыбаева.

Құзырлы орган өкілдері «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын, күдікті бостандықта екенін жеткізді. Ал науқастың ауыр халде жансақтау бөліміне түскенін айтқан дәрігерлер «бір ажалдан аман қалды» деп отыр.

“Реанимация бөлімінде оның екі бүйрегі жетіспеушілігінен оны процедура істеуге тура келді. Одан кейін жағдайы сәл жақсы болуына байланысты, қазіргі күнге дейін гемоделоз өткізілуде”, – дейді ОҚО ауруханасының бөлім меңгерушісі Рустамбек Мирзаев.

Әйелін аяусыз соққан күйеуін іздеп барғанымызда, есікті ешкім ашпады. Есесіне, телефон арқылы қойған сауалымызға өзін кінәлі емеспін деген жауап қатты.

“Менің ұрып-соққанымнан болған жоқ. Аналардың айтуымен айтып отқан шығар. Бәле қозғап отыр да енді бұл”, – дейді Салтанат Молдыбаеваның күйеуі Серік Иманалиев.

Мамандар отбасындағы ұрысқа екі тараптың да, яғни әйел мен ерінің де кінәлі екендігін айтады. Жұмыссыз әрі кіріс әкелмейтін азаматтар  алдымен ішкілікке барады екен. Ал онсыз да жүйкесі жұқарып отырған мас күйдегі күйеуіне сөз сөйлеген әйел алдымен таяққа ілігеді дейді.

Тағы да оқыңыз:

Нұрлан Нығматулиннің анасы қайтыс болды

Келіншек: Мен күйеуіме ессіз ғашық болдым, сондықтан барлық қорлығына төздім

Бір адам мерт болды: Алматыда жол апатын жасаған Range Rover көлігінің күл талқаны шықты

Талқылау