Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғыны өз қызын сүйгенінен айырып, бай жігітке алып қашуға рұқсатын берген

Шымкенттік Гүлнар есімді екі баланың анасы жалғыз қызының болашағын ойлап, махаббатына қарсы шыққан.

той

Көрнекі сурет.

Оның сөзінше жастардың ауызбіршілігін сақтау үшін жағдайына да қарау керек.Әйел өз қызының махаббатына қарсы шығып, сүйген жігітінен айырған. Әрі өзі ұнатқан  тұрмыстық жағдайы жақсы жігітпен келісіп, қызын алып қашуға рұқсаты мен ақ батасын берген,-деп жазады Stan.kz тілшісі.

«Менде жалғыз қыз. Әкесіз өсті. Бетінен қаққан емеспін. Оқыттым, барлығын көрсеттім. «Ғашықпын» деп бір жігітті үйге ертіп әкеліп таныстырды. Қарасам реңді, сөздері түзу жігіт. Құда түсіп келемекші болған кезде баланың отбасымен танысуға өзім бардым. Әрі үй жағдайын көруді ойладым. Барсам менің қызым тұратын жер емес.

Үйлерінде 7 бала. Қызымның сүйгені ол отбасының тұңғышы екен. Суды арықтан тасып ішеді. Ұлдар топырлап жүрген жерде жұмыс көп қой.Барған келін сол үйді жинап шаршайды. Бірден үйге келіп, менімен құда болғысы келетін танысыма хабарластым. Баласы да менің қызыма көңіл білдіріп жүрген еді. Қызыма «Бір айдан кейін махаббатың басылып, жұмыстан қиналып ,алдыма жылап келесің. Ана үйде тұру мүмкін емес.

Отбасының үлкені болғандықтан, оның інілерін жеткізулерің керек. Маған артық сөздің керегі жоқ» деп айтып көрдім. Қыз тыңдағысы келмеді. Досыммен келісіп қызды алып қашуға өзім рұқсат бердім. Қуғыншысына да разылығымды беріп, қызыма сол үйде қалуды бұйырдым»,-дейді ана.

Гүлнар ананың сөзінше егер осындай батыл шешімді дер кезінде қабылдамағанында қызы жарты жылдан кейін үйіне ажырасып келетін еді. Қазір ана ол қызынан екі немере сүйіп отыр екен. Әрі құдалардың қарым-қатынасы да жақсы деп отыр.

Ал қызбен сөз байласып жүрген жігіт амалы құрып, басқа қызға үйленіпті. Оның ата-анасына Гүлнар ана «Ештеңе білмеймін, қызды алып қашыпты, енді сол үйде қалды» деп қысқа жауап беріпті.

«Мен ол кісілерге болмайды деп қалай айтамын? «Кедей деп менсінбеді» деген сөзге қаламын ғой. Бір қалада тұрғандықтан ортақ таныстарымыз болып қалуы мүмкін. Сондықтан осындай әрекетке бардым. Қызымды сол үйге жібере салуға қимадым.

Ертеңгі күні жылағанын көргім келмеді. Қызым сол кезде 18 жаста еді. Бұл ісімді қазір сол кезде махаббаттан көзі көрмей жүрген қызым да біледі. Басында ренжіді. Кейіннен анасының жамандық ойламайтынын түсінсе керек, артық сөз айтқан емес»,-дейді ана.

Оқи отырыңыз:

Алмас Кішкенбаев өзін Баян Есентаевадан төмен көрген желі оқырманына жауап берді

Ерке Есмахан мінсіз мүсінін көрсетемін деп ұятқа қалды (фото)

Жаңа үйге қоныс аударған Сиви мерекелік дастархан жайды (фото)

Нұржан Керменбаев бала күнгі суретін көрсетіп, жұртты бір күлдіріп алды (фото)

Талқылау