Шымкент тұрғыны адамдарға көмектесу үшін жүргіншілер жолағын күзетіп жүр (видео)
Шымкент тұрғыны полицей киімін киіп, көшеде өз еркімен көліктерді бақылап жүр.
Шымкентте 76 жастағы ер адам жүргіншілер жолағын күзетіп, егде жастағы адамдардың жолдан өтуіне көмектесіп жүр.
Бұл туралы Instagram желісінің Zynkala.kz тобында жария болды.
Сайрам көшесінде жол апаты көп болатындықтан ер адам осындай шешімге келген. Ол әрі-бері өткен көліктерді бақылап жүр. Ер адам полицейлік бас киім мен жилет киген. Сондықтан оын көрген жүргізушілердің көбі жолақ алдында тежегішті басып, ақырын жүруге тырысады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау