Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғыны үш полицейдің өзін ұрып-соғып ауруханадан бір-ақ шығарғанын айтты

Шымкентте тәртіп сақшылары күштеп алып кеткен жігіт екі сағаттан соң ауруханадан бір-ақ шыққан. Денесі көгала қойдай көгерген Салауат Асқаров полицейлер әбден ұрып соқты деп отыр. Ал оны азаптаған 3 учаскелік инспектор әлі күнге жұмыстарында екен.

Оларға қатысты қозғалған қылмыстық іс жарты жолға жеткенде белгісіз себеппен қысқарып кеткен. Еуразия бірінші арнасының тілшісі таяқ жеген жігітпен кездесіп, оқиғаның қалай болғанын түсініп қайтты.

Салауат Асқаровтың тағдырын басқа арнаға бұрын жіберген оқиға осыдан екі ай бұрын болыпты. «Әкімшілік айыппұлды төлемедің» деп өзіне шақыртқан сот орындаушысы, оның ұялы телефонын тартып алыпты. Одан кейін «алимент төлемедің» деп тағы да мазалаған көрінеді. Міне, осыдан кейін екеуінің арасында түсінбеушілік туындап, Салауат айыппұлды жабуға кетіпті. Ал, ертесіне, үйіне 3 учаскелік инспектор баса-көктеп келіп, оны күшпен алып кеткен.

Ұялы телефонға жазылған видеода тәртіп сақшыларының дөрекі әрекеттері байқалады. Жәбірленушінің айтуынша, оған қол жұмсаған полицейлер әл-Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері екен. Оны облыстық департаментің баспасөз қызметі де растады. Салауат Асқаров сол күні 3 тәртіп сақшысының бірі мұны “ләңгі” етіп тепкілейміз деп, ашық қорқытқанын айтады. Көліктің ішінде жабылып, ұрып-соқты дейді. Суық далада қардың үстіне шұлықпен тұрғызып қойып, әбден тоңдырыпты. Осындай азаптаулардан кейін, 39 жастағы жігіттің талмасы ұстап қалған екен.

«Үшеуі де ұрды, қысып тұрды ғой, Асқар деген формада. Орталарына отырғызып қой. Мынау мойнымды қысып алған. Мына жағымда Мұғалбеков отыр қысып. Мынау тоқтады да, үстіме мініп алып, төбемнен ұрып жатыр” – дейді жәбірленуші Салауат Асқаров.

Адам танымастай күйге түскен күйеуін Меруерт Досболова тек бір сағаттан кейін ғана қалалық жедел жәрдем ауруханасынан іздеп тапқанын айтады. Содан кейін жолдасын ауруханаға жатқызыпты. Денсаулығын түзей алмай жатқан тұста, полицейлердің туыстары сес көрсетіп, тіпті, балағаттап кеткен екен.

“Бір тек қана Болат Сейітов емес, тергеуші, оның төбесінде біреулер қарап отыр деген тұжырымға келіп отырмын. Мүмкін емес, әйтпесе осындай жағдайда қалай ол, бір Сейітов тергеушінің өзі жауап тастай салады” – жәбірленушінің әйелі Меруерт Досболаева.

Осы жағдайдан кейін әлгі 3 полицейге қатысты Ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы тергеп-тексеру амалдарын жүргізген. Бірақ, қылмыс құраманың болмауына байланысты іс жарты жолда қысқартылған екен.

«Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторларына байланысты облыстық Ішкі істер департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Қызметтік тексеру біткен соң біз ақпаратты қосымша жариялаймыз”, – дейді облыстық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Жәбірленушілер қолдарында айғақты құжаттардың барына қарамастан, әділдікке қол жеткізе алмай жүргендерін айтиады.

Оңтүстік Қазақстан облысының бүкіл құзырлы органынан әділдік іздеп таппаған бұл отбасы енді Астанаға шағымданбақшы. Сөйтіп, барлық кінәлі тұлғаларды жауапқа тартуды көздеп отыр. Өйткені, 3 тәртіп сақшысының аяусыз соққысынан отағасының денсаулығы жарамай қалған көрінеді.

Тағы оқыңыз:

Алматыда 23 жастағы бойжеткенді таныс жігіті алдап жалдамалы пәтерге апарып зорлаған

ШҚО-да жүктілігін отбасынан жасырған әйел баласын даладан тауып алдым деп әкелген

ОҚО-да балалар үйінде өскен жігіт тауып алған 6 млн теңгесін иесіне қайтарған

Талқылау