Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент перзентханасында сатылған 21 сәби дерегіне қатысты тергеу басталды

ОҚО-да қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сот Шымкенттегі №1 перзентханадағы сәби сату дерегіне байланысты процесті бастады. Сот 90-нан астам куәгерді шақырып отыр.

img_2941_1

Сурет tck.tv

Бұл туралы Timeskz.kz хабарлайды.

Сәбилерді сатып пайдаға кенелуді ойлаған даулы деректі зерттеумен ОҚО прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы тікелей айналысқан. Зерттеу үдерісі жылдан астам уақытқа созылып, іс 46 томды құраған.

Бірнеше бап негізінде орталықтың екі дәрігеріне айып тағылды. Зерттеу барысында дәрігерлердің 21 баланы сатқаны анықталды.

Сотқа судья Абинұр Қарабаев төрелік етуде. Балаларды кім асырап алғаны белгілі болмас үшін сот процесі жабық режимде өтпек. Асырап алушы ата-аналар куәгер ретінде қатысады. Ал жалпы сотқа куәгер ретінде 90-нан астам адам шақыртылған. Процесс ұзаққа созылуы мүмкін.

Талқылау