Шымкентте ер адам сүйіктісіне ұнау үшін полицей формасын киіп алған
2016 жылдың 2 желтоқсан күні Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің кезекші бөліміне Гагарин көшесі бойындағы кафенің бірінде полицей формасында күдікті азаматтың жүргені туралы хабар келіп түскен. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметіне сүйене отырып Stan.kz хабарлайды.
Оқиға орнына Абай ПБ-нің жедел тергеу тобы барып, 1975 жылы туған майор шенінде полицей формасын киген, жұмыссыз Шымкент қаласының тұрғынын құрықтады.
Тәртіп сақшалары анықтағандай, 41 жастағы ер азамат бұл қылығымен өзінің серігіне ішкі істер органында істейтінін айтып, мақтанғысы келіпті. Кафеге келген полицей киіміндегі азамат біртүрлі көрініп, күдікті жайында полицейлерге мекеменің күзетшісі хабар берген.
Оқиғаның барысын анықтау мақсатында ер азамат Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-не жеткізілді.
Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Абай ПБ СДБТТ тіркеліп, ҚР ҚК 390-бабымен «Билік өкiлiнiң немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiмен иемденіп алу» қылмыстық іс қозғалды. Аталған бапта көрсетілгендей жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға және қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
Қазіргі таңда оқиғаның барысы жан-жақты анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз:
Алматылықтар базарды алып кеткен алапат сел тасқынын таспаға басып алған (видео)
Ұзынағаштағы қанды қырғын: қаза тапқандардың туыстары мүшкіл тұрмыстары туралы айтып берді
ІІМ WhatsApp арқылы тараған маньяк жайлы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстанда өзін әріптесі зорлады деп шағымданған әйелге қатысты тағы бір шу шықты