Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент әкімі “Уақытша тіркеу” туралы небәрі 50-секундта түсіндіріп берді

“Уақытша тіркеу” туралы мәселені Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов небәрі 50 секундта жиылған халыққа түсіндіріп берді.

vlcsnap-2015-10-15-16h25m25s199

“Мұнда мәселе уақытша тұратын адамдар жайлы, мына Жетісайдан келгендер, Мақтааралдан келді, Ордабасыдан келді, басқа жерден келді, Шымкентте көп адам тұрып жатыр. Бізде статистика бойынша 900 мың адам дейміз. Ал шын мәнінде қанша? 1 миллион 200, дұрыс па? Ал біз бюджетті қараған кезде, мына біз – әкімдік 900 мың адамға қараймыз, автобустар 900 мың адамға жетсін, аурухана 900 мың адамға жетуі керек, ал негізінде 1 миллион 200 адам. Сонда 300 мың адам қайда барады? Олар да біздің ауруханаға барады, олар да біздің автобусқа мінеді. Соның барлығын есептеу үшін тіркеу қажет, бұл нәрсеге түсінікпен қараңыздар. Ол әлемдегі тәртіп. Сіздер мынау менің үйім деп қалай дәлелдейсіздер? Бұл нәрсеге түсінікпен қараңыздар. Бұдан үлкен проблема шығарудың еш себебі жоқ”, – деп мәлімдеді әкім жиында.

Әкімнің сөзін Facebook желісіне жариялаған Айгүл Орынбек “Министрлер мен депуттар түсіндіре алмаған “Тіркеу” жайлы заң жобасын Шымкенттің əкімі Ғабидолла жалпақ тілде түсіндіріп берді”, – деп жазды.

Ал, Бақыт Сыздықова “Ғабидолла түсіндіре біледі”, – деп пікір қалдырған. Өзге де қолданушылар әкімнің жақсы түсіндіргенін айтып жатты. 

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда тіркеуге келіп көз жұмған азаматтың отбасына мемлекет тарапынан көмек көрсетілмеген

Уақытша тіркеу туралы пайдалы кеңестер

Айтыскер ақын депутатқа: “Үйінде де ол адам өлер” дейсіз, үйде өлу арман ғой үйің болса

Талқылау