Шымкент әкімі: Қаңғыбас ит пен мысықты атудан басқа түк бітірмегенсіңдер
Қала әкімі ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің 9 айда атқарған жұмысына осындай баға берді. Өйткені, аталған бөлім айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмаған.
Әсіресе, бос жатқан алқап бола тұра, жер жоқ,-деп сылтау айтқан Ғани Құрманбай қала әкімінің ашуын келтірді. Жиын кезінде жұмысына салғырт қараған өзгеде шенеуніктер Ғабидолла Әбдірахымовтың қаһарына ұшырады, деп хабарлайды tvk.
Жұмысын баяу атқарып жоғары көрсеткішке қол жеткізе алмағандарды экономика және қаржы бөлімінің басшысы қала әкіміне саусақпен санап берді. Кенжебек Жанбосыновтың мәліметіне сүйенсек қазір Шымкентте ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің салы суға кетіп тұр. Әсіресе, шетелдік инвесторларды тарту мәселесі қиын,-дейді. Сондай-ақ, қаржының жетіспеуінен жеке кәсіпкерлердің біраз бөлігі жұмысын уақытша тоқтатып тастаған. Бұл жағдай статистикаға кері әсерін тигізіп жатыр екен.
«Біраз салалар бойынша орындалмау қаупі бар. Бұл өнеркәсіп саласы, кәсіпкерлік, бөлшек сауда, инвестиция, ауылшаруашылық, білім, жұмыспен қамту, мәдениет, құрылыс, транспорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында жыл қорытындысымен орындалатын обьектілер бар. Бірақ, соны қазірден талдап, тиісті өзгерістер енгізуді сұранамыз”, – дейді Шымкент қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Кенжебек Жанбосынов.
Кенжебек Жанбосыновтың мәліметінен кейін қала әкімі айыпты болған қызметкерлерін жеке-жеке тұрғызып, сұрақтың астына алды. Таяқтың бір ұшы кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы саласына тиді. Ашуға мінген шаһар басшысы кінәні бір-біріне сілтеген басшыларға қатаң ескерту берді. Жыл соңына дейін көрсеткіш жоғарыламаса, екі бөлімді біріктіремін,-деп басшыларды тығырыққа тіреді.
“Мен қазір ойланып жүрмін. Ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлікті қосып үлкен бөлім жасаймын ба деп. Былай қарасаңыз екеуініңде атқаратын қызметі ұқсас. Сіз ауылшаруашылығын емес, ветеринарияға кетіп қалдыңыз. Ит пен мысықты атып жүрсіз… Болды”, – дейді Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.
Жиын соңында Ғабидолла Рахматоллаұлы бұл мәселені тікелей бақылауына алатынын айтты. Сондай-ақ кәсіпкерлік бөлімінің басшысына қаржы ұйымдарымен бірлесе жұмыс жасап, бизнес саласын дамытуды тездетіп қолға алуды тапсырды.
Тағы да оқыңыз:
Шетелдіктер пәктігін сататын қазақстандық қыздарды аукционда үш есе қымбат бағаға сатып алады
22 жастағы қазақ жігітінің есімі жазылған чип Марс планетасын айналып өтпек