Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швеция Ресейді Құранды өртеу және НАТО-ның кеңеюіне қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін айыптады

Швеция Ресейді Құранды өртеу және НАТО-ның кеңеюіне қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін айыптады. Азаматтық қорғаныс министрі Карл-Оскар Болин мұндай "шабуылдардың" мақсатын Швецияның Солтүстік Атлантикалық альянсқа мүшелікке үміткер ретіндегі беделіне нұқсан келтіру әрекеті екенін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euractiv басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз Ресейдің қасиетті Құранды қорлаудың артында Швеция мемлекеті тұр деген жалған мәлімдемелерін көріп таңқалып отырмыз", - деді министр.

Швецияның психологиялық қорғаныс агенттігінің өкілі Микаэль Остлунд Мәскеу Құранды өртеу әрекеттерін Батыс елдерінің арасына жік салу және олардың қарым-қатынастарын шиеленістіру үшін пайдаланады деп санайды. Ол мұны НАТО-ның кеңеюін тоқтату ниетімен де байланыстырды.

Айта кетейік, маусымның 28-і күні Швеция полициясы Стокгольмдегі бас мешітте Құранды өртеп қарсылық акциясын өткізуге рұқсат берді. Ғимараттың қасында Құранды жыртып, өртеп жіберген. Ирак босқыны наразылық ретінде кітаптың парақтарын жұлып алып аяқ киімін сүртіп, сосын ішіне бекон салып, өртеп жіберді. Еуропалық Одақ бұл оқиғаны айыптады. Бірақ олар сөз бостандығын қорғайтынын жеткізді. 

Талқылау