Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шварц-апа": Қазақстандық зейнеткер желі жұлдызына айналды (видео)

Арнольд Шварценеггерге ұқсайтын зейнеткер қазақстандықтарды таңғалдырды

Видеодан скрин

Арнольд Шварценеггерге ұқсайтын зейнеткер қазақстандықтарды таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

67 жастағы зейнеткер әйел өзінің физикалық мүсінімен желідегілерді таңғалдырған. Үш күннің ішінде оның видеолары TikTok-та бір миллионнан астам қаралым жинапты. Зейнеткердің видеоларын желіде қызы бөліскен. 

Тіпті желі қолданушылары зейнеткерді "Шварц-апа" деп атап кеткен. Оған қоса зейнеткердің ауыл ішінде Терминатор сияқты  мотоциклмен жүруі желідегілердің оны Шварценеггерге ұқсатуына себеп болған.



Әйелдің физикалық мүсініне қызыққандар спортпен айналысуға мотивация алғандарын жарыса жазған. 

“Европа қарашы, бұл қазақтың апасы”, “Ауылды ұстап тұрған апа сияқты”, “Шашының өзі 18 жастағы қыздың шашындай”, “Сұлу, мықты әйел. Ұзақ ғұмыр берсін, үлгі тұтамын”, “Қазақтың Томирисі ғой”, “Спортпен айналысуға мотивация алдым” – деп жазды желідегілер.

@192.168.192

 

♬ оригинальный звук - Шварц Апа
Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 10 Қыркүйек, 2025 22:27
Талқылау